Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда инсульт алып, есінен танып қалған жүргізуші құтқарылды

Опубликовано:

Жүргізушіні құтқару сәті
Жүргізушіні құтқару сәті. Фото: polisia.kz

Қарағандыда 8 наурызда инсульт алып, есінен танып қалған жүргізуші құтқарылды. Оны полицейлер құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

8 наурызда патрульдік инспекторлар Ақжаркен Мұқажанмен Берік Кеңесовке бір автокөлік тоқтап, жүргізушісі 19-ықшамауданның қиылысында төтенше жағдай болғанын хабарлаған. Оқиғаның видеосы Telegram-дағы арнада жарияланды.

"Оқиға болған жерге келгенімізде қиылыста жол шетіндегі бордюрға шығып кеткен көлікті көрдік. Машина оталып тұрды, бордюрға шығып кеткендіктен бір дөңгелегі айналып тұрды. Көліктің барлық есігі бұғатталып қалған екен. Мен көліктің алдыңғы жолаушы отыратын терезесін сындырып ішке кірдім.

Әріптесім екеуіміз оны сыртқа шығардық. Жүргізушінің денесі құрысып, тілін жұтып қоятындай болып жатты. Біз оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, демала бастағанда қызметтік көлікке салып ауруханаға жеткіздік", - деп баяндады оқиғаны Ақжаркен Мұқажан.

Кейін көлік жүргізушісі инсульт алғаны белгілі болған. Оның өмірі өлім ауызында болған. Дәрігерлер қазіргі уақытта азаматтың денсаулығы бірқалыпты екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2065473-qaragandyda-insult-alyp-esinen-tanyp-qalgan-zurgizusi-qutqaryldy/

pixel