Абай облысында бірнеше үйдің ауласын су басып қалды (видео)
Жарияланған күні:
Абай облысы Бақты ауылындағы бірнеше тұрғын үйді еріген қар суы басып қалды. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық операторына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Кеше Тарбағатай жотасындағы қар еріп, Таскескен – Бақты автожолын басып қала жаздады. Қазір республикалық жолдағы еріген су деңгейі түсіп, тұрақтанды. Барлық су өткізу жүйелерінің белсенді жұмысының арқасында автожолды шайып кетуге жол берілмеген.
"Алайда еріген су Бақты ауылына жетіп, бірнеше тұрғын үйді басып кетті", - делінген "ҚазАвтоЖолдың" Telegram-дағы арнасында жарияланған хабарламада.
Қазір Абай облысының жолшылары су тасқыны салдарымен күресуде көмек көрсетуде.
"Қазіргі уақытта "ҚазАвтоЖол" мамандарының күшімен Бақты ауылының ұй-жайлары мен тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және одан әрі залалды болдырмау үшін құм-қиыршық тас қоспасы мен құм салынған қаптар су басу орындарына тасымалданып жатыр", - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2065680-abai-oblysynda-birnese-uidin-aulasyn-su-basty-video/