Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бектенов су тасқынына қарсы шараларды орындамаған шенеуніктерді жазалауды тапсырды

Опубликовано:

Аулаларды алып жатқан еріген қар суы
Еріген қар суы. Видеодан кадр: КТК арнасы

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов бұған дейін су тасқынына қарсы шараларды іске асыру жөнінде бірнеше рет тапсырма берілгенін, бірақ кейбірінің орындалмағанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Бұған дейін өңірлерде су тасқынына қарсы барлық іс-шараны сапалы іске асыру қажеттігі туралы бірнеше рет тапсырмалар берілген болатын. Алайда мемлекеттік органдар мен әкімдіктер тиісті шараларды толық көлемде атқарған жоқ. Нәтижесінде 218 шараның 92-сі осы уақытқа дейін орындалмай отыр. Жұмысқа бұлайша селқос қарауға болмайды", - деді Бектенов.

Премьер-министр төтенше жағдайлар министріне жоспарланған іс-шаралардың орындалмауына жол берген орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының жауапкершілігі туралы ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Еске салайық, биылғы қаңтарда Төтенше жағдайлар министрлігінің бұрынғы басшысы Сырым Шәріпханов Қазақстанның қай өңіріне су тасқыны қаупі төніп тұрғанын айтқан болатын. Ол жоғары дайындыққа көшу қажеттігін айтқан еді.

Бүгін жаңа төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Қазақстанның еріген қар суы мен ағын сулардан су басу қаупі бар аймақтарын атады. Сонымен бірге, Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы бүгінгі таңда Қазақстандағы су тасқыны жағдайы "салыстырмалы түрде тұрақты" екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2061924-bektenov-su-tasqynyna-qarsy-saralardy-oryndamagan-seneunikterdi-zazalaudy-tapsyrdy/

pixel