Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында екі күнде жол апатынан бес адам қаза тапты

Опубликовано:

Оқиға орнындағы полиция қызметкері
Атырау облысындағы жол-көлік апаты. Фото: mgorod.kz

Атырау облысында демалыс күндері екі жол апаты болды, оның бірінде 24 жастағы жүргізуші, ал екінші апат кезінде төрт адам бірдей қаза тапты, деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Басылымның Атырау облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлауынша, кеше, 9 наурыз сағат 7:00-де Доссор – Құлсары – Бейнеу тас жолында "Газель" көлігі мен КамАЗ соқтығысқан. Екі көлік те отқа оранды

24 жастағы "Газель" көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмған.

"Полиция "Кибер-Шериф" көмегімен көліктердің жүру уақытын зерттеп, жүргізушінің көлікті "Ақтау – Орал" және "Орал – Атырау" бағыттарында тәулік бойы демалыссыз жүргізгенін анықтады", - делінген ведомство хабарламасында.

Бүгін, 10 наурызда сағат 01:40-та Бейбарыс көпірінде адам өліміне әкеп соқтырған тағы бір апат болды. Бұл жолы Lada Granta мен Infinity көліктері соқтығысқан.

"Жол апаты салдарынан Lada Granta көлігінің 26 жастағы жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, тағы бір жолаушы жедел жәрдеммен Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді", - деп хабарлады ведомстводан.

Қазір тиісті құжаттар жинақталуда.

Айта кетейік, 6 наурызда таңертең Ақтөбе облысындағы Ақтөбе – Астрахань тас жолында ірі жол апаты болып, салдарынан сегіз адам қаза тапта. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2065734-atyrau-oblysynda-eki-kunde-zol-apatynan-bes-adam-qaza-tapty/

pixel