Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір апта бойы жанған": Каспий жағалауындағы ірі өрт сөндірілді (видео)

Опубликовано:

Каспий жағасындағы өрт
Өрт. Видеодан кадр: ҚР ТЖМ

Атырау облысында өрт сөндірушілер 2,5 мың гектар аумақтағы қамыс өртін сөндірді. Өрт 2 наурыз күні шыққан деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ведомство өкілдері Атырау облысы Құрманғазы ауданында өрт сөндірілгенін хабарлады.

"Өрт 9 наурыз сағат 18-30-да оқшауланды, бүгін сағат 11:00-де жойылды", - делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінен, Орман шаруашылығы және жергілікті атқарушы органдардан 60-қа жуық адам, 21 техника жұмылдырылған.

Айта кетейік, 2 наурызда сағат 15:45-те Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауында, Құрманғазы ауылынан 40 км жердегі Құрманғазы орманшылығының аумағында алдын ала болжам бойынша 100 га алаңда қамыс жанып жатқанын жазған едік.

Өртті сөндіруге сол жолы Құрманғазы ауданының №7 өрт сөндіру бөлімі, Орман шаруашылығы, ЖАО-дан 36 адам, 5 мотопомпас, 1 техника, 4 мотоқайық тартылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2065749-kaspii-zagalauyndagy-iri-ort-bir-aptadan-astam-uaqyt-boiy-sondirildi-video/

pixel