Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балшыққа батып қалған: Ұлытау облысындағы тасжолда 300-ден астам адам эвакуацияланды (видео)

Опубликовано:

Жезқазған-Қызылорда тасжолындағы балшыққа тығылып тұрған көліктер
Жезқазған-Қызылорда тасжолындағы балшыққа тығылып тұрған көліктер. Видеодан кадр: instagram.com/etozhez

Ұлытау облысы аумағындағы Жезқазған – Қызылорда тасжолында 20-ға жуық жеңіл көлік пен бір автобус батпаққа батып қалды. Құтқарушылар 350-ге жуық адамды эвакуациялады, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Instagram желісіндегі etozhez парақшасында ондаған көліктің балшыққа тығылып, жүре алмай тұрған видеосы жарияланды.

Жазба авторлары видео Жезқазған Қызылорда тас жолында түсірілгенін нақтылаған.

Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, 9 наурыз сағат 23:45-те 112-ге Жезқазған Қызылорда тасжолында Жезқазған қаласынан 180 шақырым жерде 20-ға жуық жеңіл көлік пен ересектер мен балалар мінген автобус балшыққа батып қалғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына Ұлытау облысы ТЖД және Қазавтожолдың 6 адамы мен 2 техникасы шықты.

"Сағат 11:40-та 75 техника сүйреп шығарылды және 300-350 ге жуық адам, оның ішінде 22 бала эвакуацияланды", - делінген хабарламада.

"ҚавАвтоЖол" өкілдері автожолдағы қиындық күн райының күрт жылынуы салдарынан туындағанын атап өтті.

"Жезқазған Қызылорда тасжолының Ұлытау облысы аумағындағы бөлігін қайта жөндеу бойынша қазіргі таңда ҚР Көлік министрлігі тарапынан конкурстық рәсімдер өтіп жатқанын, жол жөндеу жұмыстары биыл басталатынын еске саламыз", - делінген "ҚазАвтоЖол" хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2065761-balsyqqa-batyp-qalgan-ulytau-oblysyndagy-tas-zoldan-300-den-astam-adam-evakuaciyalandy-video/

pixel