Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында ағаш шеберханасы өртенді (видео)

Опубликовано:

Өрт
Өрт. Видеодан кадр: ҚР ТЖМ

Алматы облысында 10 наурызда ағаш шеберханасында өрт шықты. ТЖМ ақпаратынша, қызыл жалын 250 шаршы метр аумақты шарпыған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратынша, 10 наурызда сағат 19:18-де 112 пультіне Талғар ауданы Гүлдала ауылында Кичиков көшесі бойындағы жеке тұрғын үйдің аумағында орналасқан ағаш ұстасы цехының өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.

Кеінірек, өрт аумағы үлкейіп кеткен. Дегенмен сағат 19:56-да өрт оқшауланып, сағат 20:14-те толық сөндірілді. Қызыл жалын 250 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрттің себебі анықталуда.

Өртті сөндіруге ТЖД 20 қызметкері мен 4 техникасы жұмылдырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2065860-almaty-oblysynda-agas-seberxanasy-ortendi-video/

pixel