Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде аулаларды су басты: өңірде қазір ахуал қандай

Опубликовано:

Су айдау жұмыстары. Видеодан кадр
Су айдау жұмыстары. Видеодан кадр: qr_tjm

Семей қаласында еріген қар суы аулаларды басқан еді. Қазір ТЖМ Telegram-дағы арнасында өңірдгі жағдай туралы баянады.

ТЖМ ақпаратынша, Щорс, Кирпичный, 3-ші Лодочная, Восточный және Подгорная кенттері, сондай-ақ қаланың басқа бөліктерінде су айдау жұмыстары жүргізілген. "Теплокомэнерго" МКҚК-мен бірлесіп инертті материал таратылды.

Департамент қызметкерлері Красин, Садовая және Менжинский көшелеріндегі ауладан су айдау жұмыстарын жүргізді.

"Арық жүйесін тазарту үшін ТЖМ 68303 Ә/Б күштері мен құралдары тартылды. Қазіргі уақытта қала көшелерінен 1500 текше метрден астам су айдалды.

Жұмыстарға ЖАО, ТЖД және 68303 ӘБ-нің жеке құрамның 60-тан астам адамы және 20-дан астам техника жұмылдырылды", - делінген хабарда.

Қазіргі уақытта еріген қар суын сору жұмыстары аяқталған.

ЖАО және ТЖД күштерімен қала көшелеріндегі ахуалға мониторинг жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2065914-semeide-aulalardy-su-basty-onirde-qazir-axual-qandai/

pixel