Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дүрбелең болып, көліктер өртенді": Үлкен Алматы айналма автожолында 9 көлік соқтығысты (фото, видео)

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға орны. Видеодан кадр: t.me/kris_p_almaty_official

Үлкен Алматы айналмалы авто жолында (ҮАААЖ) 9 көлік соқтығысып, үш ірі жол апаты болды. Салдарынан бір көлік жанып кеткен. Зардап шеккен 4 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Алматы облысының полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде тарап жатыр. Видеода соқтығысқан бірнеше көлік көрсетілген, олардың біреуі жанып кеткен.

Таңертең Үлкен Алматы айналма авто жолында дүрбелең болып, көліктер өртеніп кетті, қоршауға соғылды. Куәгерлердің сөзінше, 15 көлік жол апатына ұшыраған", - делінген видео сипаттамада.

Алматы жол полициясы жол-көлік оқиғасы туралы ақпаратты растап, деректі нақтылады. 15 емес, 9 көлік апатқа ұшыраған екен.

"11 наурызда таңертең Үлкен Алматы айналмалы автожолының 37 шақырымында тоғыз көлік соқтығысқан үш жол-көлік оқиғасы болды. Көліктердің соқтығысуына қалың тұман себеп болған деген болжам бар. Оқиға орнынан зардап шеккен төрт азамат медициналық мекемеке жеткізілді", - деп хабарлады полиция департаменті баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Ескерту: Видеоларда бейәдеп сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2066235-durbelen-bolyp-kolikter-ortendi-ulken-almaty-ainalma-avtozolynda-9-kolik-soqtygysty-foto-video/

pixel