Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда сауда орталығына қарама-қарсы тұрған автокөлік өртенді (видео)

Опубликовано:

Өртке оранған көлік
Өртке оранған көлік. Видеодан кадр: instagram.com/almatinec_life

Алматыда наурыздың 11-і электр сымдарының қысқа тұйықталуынан сауда орталығына қарама-қарсы тұрған автокөлік өртенді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде өрт қаулаған автокөліктің видеосы жарияланған. Видеодан куәгерлер отқа оранған минивэнді сөндіруге тырысып жатқанын көруге болады.

Ведомство ақпараты бойынша, Алматыда Бостандық ауданындағы Гагарин мен Есқараев көшелерінің қиылысында автокөлік өртеніп жатқаны жайлы ақпарат келіп түскен.

Оқиға орнына дереу өрт сөндірушілер келген.

Өрт сөндірушілер автокөлікте шыққан өртті дер кезінде сөндірген. Өрт сағат 18:25-те толық жойылды.

Құтқарушылардың айтуынша, көлік электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан 0,5 шаршы метр аумағында мотор бөлігі отқа оранған.

Зардап шеккендер жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2066481-almatyda-sauda-ortalygyna-qarama-qarsy-turgan-avtokolik-ortendi-video/

pixel