Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сүйектері сынып, бас жарақатын алған: Ақтөбеде ер адам жаңа ғимараттың лифт шахтасына құлап кетті (видео)

Опубликовано:

Лифт шақырып тұрған ер адам
Лифт шақырып тұрған ер адам. Көрнекі фото: pexels.com

Ақтөбеде 38 жастағы ер адам пайдалануға берілмеген жаңа көпқабатты тұрғын үйдің лифт шахтасына құлап, көптеген жарақат алған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Жан түршігерлік оқиға Ақтөбе орталығындағы облыстық Нұрғасыр мешітіне қарама-қарсы орналасқан көпқабатты тұрғын үйде болған.

Жұмысшы құрылыс жұмыстары жүріп жатқан жаңа ғимараттың лифт шахтасына құлап кеткен.

Қазір зардап шеккен ер адам лифт шахтасына қалай құлап кеткені анықталып жатыр.

Телеарна ақпараты бойынша, жаңа ғимарат әлі эксплуатацияға берілген жоқ.

Қазір зардап шеккен ер адам ауруханада жатыр. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, ол басы мен кеудесінен жарақат алған, сонымен қатар оның білек сүйектері сынған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері зардап шегуші лифт шахтасынан қалай шығарылғанын айтты.

"Оқиға орнына бес минутта жеттік. Арқан байлаған зембілмен сыртқа шығардық. Одан соң жұмысшыны дәрігерлерге тапсырдық", – деді облыстық ТЖД бас маманы Нұрбек Оралбаев.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2066508-suiekteri-synyp-bas-zaraqatyn-algan-aqtobede-er-adam-zana-gimarattyn-lift-saxtasyna-qulap-ketti-video/

pixel