Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана орталығында цехтан өрт шықты (фото)

Опубликовано:

Астанадағы өрт
Астанадағы өрт. Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Астанадағы авто терезе жасау және орнату бойынша екі қабатты ғимарат цехынан өрт шыққан. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Бүгін сағат 12-53-те Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Республика даңғылында цехта қосымша ғимараттың жанып жатқаны туралы келіп түскен хабарламаға шықты", - делінген хабарда.

Өртсөндірушілердің келіп жетіп, авто терезе жасау және орнату бойынша екі қабатты цех ғимараты ашық жалынмен жанып жатқанын анықтаған.

Қазіргі уақытта өртсөндірушілер тілсіз жаумен күресіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2067630-astana-ortalygynda-cextan-ort-syqty-foto/

pixel