Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үш рет пышақтаған": Қызылорда мектебінде жанжал шығарған жасөспірім сотталды

Опубликовано:

Пышақ ұстаған жігіт
Пышақ ұстаған ер адам. Көрнекі фото: NUR.KZ

Қызылордада мектепте туған жанжал салдарынан бір бала екінші бір баланы үш рет бәкімен жарақаттаған. Осы іс бойынша үкім шықты, деп хабарлайды облыстық сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Соттың ресми сайтында жарияланған ақпарат бойынша, Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігінің 2)-тармағымен жасөспірімге қатысты қылмыстық іс қаралған.

"Мектепте сотталушы мен жәбірленуші арасында болмашы себеппен жанжал туған. Қоғамдық тәртіпті аса қатыгездікпен бұзу мақсатында сотталушы алдын ала өзімен бірге алып келген жиналмалы пышағын шығарып, қарсы алдында тұрған жәбірленушіге үш рет пышақ жарақатын салған", - делінген сот хабарламасында.

Сотталушының кінәсі сот отырысында толық дәлелденген, ол қылмыстық әрекеттің саралануымен толық келіскен.

Сот өкілдерінің мәліметінше, сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылып, оған бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2067642-us-ret-pysaqtagan-qyzylorda-mektebinde-zanzal-sygargan-zasospirim-sottaldy/

pixel