Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда иіс тиген 27 жастағы азамат көз жұмды

Опубликовано:

Пеш
Жекеменшік үйдегі пеш. Көрнекі сурет: ТЖМ баспасөз қызметі

Павлодарда жеке тұрғын үйлердің бірінде пештен ақау шығып, 27 жастағы азамат көз жұмды. Жігіттің ата-анасы да ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv арнасы.

Телеарна мәліметінше, иіс тигендердің ішінде жігіттің оның ата-анасы да бар. Жігіттің әріптесі оның жұмысқа келмегеніне алаңдап, полицияға хабарласқан.

"Павлодар қаласы Атамекен кентінің тұрғын үйінде 3 адамның ес-түссіз күйде табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына келген жедел жәрдем бригадасы 1996 жылы туған ер адамның денесін анықтады. Сонымен қатар осы мекен жайдан ауыр жағдайда 1965 жылы ер адам 1972 жылы әйел адам қалалық ауруханаға жатқызылды", - деді ТЖД басқармасы бастығының орынбасары Оразбек Уәлиханов.

Иіс тиіп, уланған қос азаматтың өміріне қазір қауіп төніп тұрған жоқ. Олар ауруханаға ауыр хәлде жеткізілгенімен, дәрігерлер жұмысының нәтижесінде қайғылы жағдайдың алдын алған.

"Қазір науқастар палатаға ауыстырылды. Олардың жағдайы тұрақты, ауырлық деңгейі – орташа. Барынша емдеу шараларын жүргізіп жатырмыз", – деді №1 аурухананың бөлім меңгерушісі Гүлжан Темірбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2067882-pavlodarda-iis-tigenn-27-zastagy-azamat-koz-zumdy/

pixel