jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Өскеменде ғимараттардың маңынан екі адам өлі күйде табылған

    Қылмыс болған жердің бірі
    Қылмыс болған жердің бірі. Фото: instagram.com/osa_uka_vko

    Өскеменде екі түрлі мекеменің жанынан екі ер адамның денесі табылды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды ШҚО полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбеков бірінші жағдай туралы айтты. Оның пікірі департаменттің Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланған.

    Оның айтуынша, полицияға Өскемендегі Абай даңғылында пышақ жарақаттары бар ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    Күдікті "ізін суытпай" ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айғақты заттар алынып, қажетті сараптамалар тағайындалды.

    "Әлеуметтік желіде жәбірленуші оқ жарақатын алғаны туралы тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Полиция департаменті азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады. Көрінеу жалған және сенімсіз ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылған", - деп еске салды Ерлан Омарбеков.

    Тағы бір адамның денесі Қабанбай батыр көшесіндегі велоклуб жанынан табылған.

    "Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жарияланбайды", - деп хабарлады ШҚО полиция департаменті өкілдері KAZ.NUR.KZ тілшісіне.

    Өскеменде ғимараттардың маңынан екі адам өлі күйде табылған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.