Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы ірі сауда орталығының маңында көлік жүргізушісі жол апатынан қаза тапты

Опубликовано:

Алматыдағы жол-көлік оқиғасы
Алматыдағы жол-көлік оқиғасы. Фото: Zakon.kz

Алматының Алмалы ауданында ағашқа соғылған көлік жүргізушісі қаза тапты. Оның қасында отырған жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қайғылы оқиға 17 наурызда сағат 05:10-да Алмалы ауданында болған.

"Жүргізуші, 1985 жылы туған азамат Ж. Сейфуллин даңғылымен оңтүстік бағытта, Мақатаев көшесінің қиылысында Mitsubishi автокөлігін жүргізіп келе жатып, тізгінге ие бола алмай, ағашқа соғылды", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің өкілдері.

Апат салдарынан жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Жанында отырған жолаушы зардап шекті. Апат дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалды.

Апат
Апат: Zakon.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2069625-almatyda-iri-sauda-ortalygynyn-manynda-kolik-zurgizusisi-zol-apatyna-usyrady/

pixel