Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада алапат өртті 70 адам сөндіріп жатыр

Опубликовано:

Оқиға орны
Өрт-сөндіру жұмыстары. Фото: Ақмола облыстық ТЖД

Астананың Байқоңыр ауданында ангар үлгісіндегі жеке тұрған бір қабатты қойма өртенді. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлады.

"Сағат 07.20-да Астана қалалық ТЖД бөлімшелері Байқоңыр ауданында шыққан өрт орнына аттанды. Өрт сөндірушілердің келіп жетуі бойынша алдын ала 1000 шаршы метр алаңда отпен толық оранған бір қабатты қойма үй-жайы жанып жатқаны анықталды", - делінген хабарда.

Өрт кезінде ғимараттың алдыңғы қабырғасы мен шатыры құлаған. Оқиға орнында үш жауынгерлік учаске құрылды. Өрт сөндіру жұмыстарына жеке құрамның 70-ке жуық адамы, 15 техника жұмылдырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2069880-astanada-alapat-ortti-70-adam-sondirip-zatyr/

pixel