Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда салынып жатқан тұрғын үй кешені өртенді (видео)

Опубликовано:

Алматыдағы өрт. Видеодан скриншот
Алматыдағы өрт. Видеодан скриншот: t.me/kris_p_almaty_official

Алматыда куәгерлер Алматыдағы Момышұлы көшесінің бойында құрылысы аяқталмаған тұрғын үй кешенінен шыққан қара түтінді видеоға түсіріп алды. Жағдайға мегаполистің төтенше жағдайлар департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Өрттің кадрлары Kris_p_almaty Telegram-дағы арнасында пайда болды. Видеодан қалың қара түтін шығып жатқан құрылыс алаңын көруге болады.

Сондай-ақ кейбір кадрларда ғимараттың төменгі қабаттарындағы лаулап жанып жатқан аумақтар көрінеді.

ТЖД баспасөз қызметі оқиғаның Момышұлы мен Универсиада көшелерінің қиылысында болғанын хабарлады. Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 13:58-де жеткен.

"Оқиға орнына жеткен кезде салынып жатқан 5 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында 15 шаршы метр аумақта пластик құбырлардың өртеніп жатқаны анықталды", – деп хабарлады ведомстводан.

Өрт сағат 14:08-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Алматы қалалық ТЖД жеке құрамынан 13 адам мен 3 техника жұмылдырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2070225-almatyda-salynyp-zatqan-turgyn-ui-keseni-ortendi-video/

pixel