Түркістан облысында 29 жастағы тұрғын құдық құбырына құлап кеткен (видео)
Жарияланған күні:
Түркістан облысында 29 жастағы қыз дренажды құдыққа құлап кеткен. Оны құтқарушылар бірнеше сағаттан кейін ес-түссіз жатқан күйінде құтқарып алған, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Төтеншеліктерге қыздың Майтөбе ауылының маңындағы ашық алаңда орналасқан құдыққа құлап кеткені туралы хабарлама сағат 09:18-де келіп түскен.
"Сағат 12-06-да жергілікті тұрғын құдыққа түсіріліп, 12-14-те қызды құдықтан ес-түссіз күйде шығарып алды", - делінген ведомство хабарламасында.
Құтқару жұмыстарына ТЖД, жедел жәрдемнің, полицияның 31 адамы және 5 техникасы жұмылдырылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2070306-turkistan-oblysynda-29-zastagy-turgyn-qudyq-qubyryna-qulap-ketken-video/