Түркістан облысында тереңдігі 40 метр құдыққа құлап кеткен қыз қаза тапты
Жарияланған күні:
Читать на русском18 наурызда Түркістан облысында тұрғын тереңдігі 40 метрлік құдыққа құлап кетті. Құтқарушылар оны бірнеше сағаттан кейін құдықтан шығарғанмен, келіншек көп ұзамай көз жұмды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Түркістан облысы Майтөбе ауылының маңындағы ашық жерде орналасқан су ағатын құдыққа 29 жастағы қыз құлап кеткен. Бірнеше сағаттан кейін оны ес-түссіз күйде шығарып, дәрігерлерге тапсырды.
Телеарна мәліметінше, қызды құтқару үшін 40 метр тереңдікте ауа болмаған соң, құтқарушылар арнайы құрылғымен оттегі жіберген. Жергілікті тұрғын көмекке келген.
Арада үш сағат өткен соң беліне арқан байлап құтқарушылардың бірі тереңде жатқан қызды алып шыққан.
Қызды алып шыққан соң бірнеше минуттан кейін оның көз жұмғаны белгілі болды. Қазір полицейлер оны әлдекімнің итеріп жібергенін, әлде байқаусызда құлағанын тексеріп жатыр.
Дереккөз: КТК
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2070510-turkistan-oblysynda-terendigi-40-metr-qudyqqa-qulap-ketken-qyz-qaza-tapty/