Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысында газ құбырынан өрт шығып, жарылыс болды

Опубликовано:

Өрт сөндіруші өртті сөндіруге кетіп барады
Өрт сөндіруші. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Маңғыстау облысы Бейнеу ауылында газ құбыры желісінде өрт шығып, жарылыс болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ өңірлік Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық ТЖД мәліметінше, оқыс оқиға Бейнеу алыныдағы "ИнтергазОрталықАзия" АҚ-ның САЦ-4 магистральді газ құбырында болды.

"18 наурызда түнгі сағат 23:00 минут шамасында Бейнеу ауылындағы "ИнтергазОрталықАзия" АҚ-ның САЦ-4 магистральді газ құбырының поршеньді жіберу торабында өрт шығып, жарылыс болды.

Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Өрт толықтай сөндірілді. Қазіргі таңда жарылыстың себебі анықталып жатыр", - деді Маңғыстау облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2070600-mangystau-oblysynda-gaz-qubyrynan-ort-sygyp-zarylys-boldy/

pixel