Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында ер адам бұрынғы әйелін пышақпен қорқытып, кепілге алды (видео)

Опубликовано:

Пышақ ұстап тұрған ер адам
Пышақ ұстап тұрған ер адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Түркістан облысында 35 жастағы ер адам бұрынғы әйелін пышақпен қорқытып, оны алып кеткен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Құзырлы органның баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 наурызда Сайрам ауданының тұрғынынан 102 пультіне отбасылық жанжалға қатысты қоңырау келіп түскен.

Анықталғандай, аталған тұрғынның қызымен бұрынғы күйеу баласы жанжалдасып қалған.

"Жанжал кезінде ол ер адамның қызын пышақпен қорқытып, кепілге алып, "Шевролет" автокөлігімен Батыс Қытай - Батыс Еуропа тасжолына қарай өзінің тұрғылықты жері Қызылордаға бағыт алған. Күдікті оны өлтіретінін айтып қорқытып, өзін қудаламау және жауапқа тартпау жөнінде талап қойды", - делінген хабарламада.

Полиция өкілдерінің хабарлауынша, кепілге алынған адамды босату мақсатында тез арада жедел штаб құрып, "Арлан" арнайы жасағының күшімен Асар ықшам ауданының маңында күдікті ұсталып, жәбірленуші босатылған.

Қылмыс кезінде жәбірленуші мойын тұсынан жеңіл дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген, онда оған медициналық және психологиялық көмек көрсетілген.

Белгілі болғандай, күдікті мен жәбірленуші 2021 жылы ажырасып кеткен. Олардың ортақ үш баласы бар.

"Күдікті бұрын екі рет сотталған және лудоманияға шалдыққан. Ол қамауға алынды", - деп қосты полиция өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2070930-turkistan-oblysynda-kuieui-aieline-pysaqpen-sabuyl-zasady/

pixel