Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

10 жылдай жасырынып жүрген: аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті БАӘ-ден экстрадицияланды

Опубликовано:

Кісен
Кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Құқыққорғаушылар Біріккен Араб Әмірліктерінен аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдіктіні экстрадициялады – ол 10 жылдай халықаралық іздеуде болған. Бұл жөнінде Бас прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қадағалу органы бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істерминистрлігінің қызметкерлері ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдікті Ш.-ны аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадициялағанын мәлімдеді.  

"Ол 2010 жылы танысын алдау жолымен несие алу үшін кепілдік беруші ретінде әрекет етуге көндірген және ақша қаражатын алғаннан кейін жасырынып, жәбірленушіге 260 миллион теңгеден астам шығын келтірді деген күдікке ілінген.  

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, 10 жылдай халықаралық іздеуде болған", – делінген прокуратура хабарламасында.

Ол өткен жылдың соңында ол Біріккен Араб Әмірліктерінде ұсталды.

Күдікті Астана қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2071740-10-zyldai-zasyrynyp-zurgen-asa-iri-kolemde-alayaqtyq-zasady-degen-kudikti-baa-den-ekstradiciyalandy/

pixel