Семейде жеке тұрғын үйде өрт шықты
Жарияланған күні:
Абай облысының Семей қаласында 2 пәтерлі жеке тұрғын үйде өрт шықты. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
ТЖМ ақпаратына сәйкес, өрт 100 шаршы метр алаңды қамтыған.
"Сағат 04-26-да өрт толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарды пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау", - делінген ресми хабарламада.
Оқиға орнына ТЖД жеке құрамының 12 адамы, 3 техникасы жұмылдырылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2071884-semeide-zeke-turgyn-uide-ort-syqty/