Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жоқ қызғалдақтарды сатқан: Алматыда алаяқтық бойынша күдікке ілінген ер адам ұсталды

Опубликовано:

Күдікті
Күдікті. Фото: Polisia.kz

Алматыда қала тұрғындарына жоқ қызғалдақтарды сатты деген күдікке ілінген 35 жастағы ер азамат ұсталды. Бұл туралы ІІМ ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Polisia.kz сайтының ақпаратына сәйкес, 35 жастағы қала тұрғыны қолында жоқ қызғалдақ гүлін сату арқылы табыс табуды ұйғарған.

Ол түрлі интернет сайттарында қызғалдақ гүлін нарық бағасынан төмен бағада сататыны туралы хабарландыру жариялап, елді қызықтырған.

"Аңғал азаматтар гүлдерге жаппай тапсырыс беріп, ақшаны "сатушының" шотына аударған. Қазіргі уақытта тергеушілерде осыған ұқсас 6 дерек бар. Алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Тергеу барысында күдікті қамауға алынды. Оның жеке басы бұрын жасалған осыған ұқсас эпизодтарға қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр", – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2071971-zoq-qyzgaldaqtardy-satqan-almatyda-alayaqtyq-boiynsa-kudikke-ilingen-er-adam-ustaldy/

pixel