Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұзда көлікпен бірге мұз астына батып кеткен екі балықшы қаза тапты

Опубликовано:

Құтқару жұмыстары
Құтқару жұмыстары. Фото: ТЖМ

Павлодар облысының құтқарушылары судан қаза тапқан балықшылардың денесін алып шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, 22 наурызда сағат 20-33 Екібастұз қаласындағы ГРЭС-2 ауданында, "Шандықсор" жасанды су айдынында 1978 жылы және 1976 жылы туған екі ер адам көлігімен мұз астына тсіп кеткені туралы хабар келіп түсті.

"Ер адамдар балық аулауға Павлодардан келгені белгілі болды. Көлік жағадан 700-800 метр қашықта батып кетті.

23 наурызда сағат 07:20-да Екібастұз қаласының құтқарушылары іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті", - делінген хабарда.

Іздестіру жүмыстарына 7 адам, 2 бірлік техника және 1 жүзу құралы жұмылдырылды.

Құтқарушылар балықшылардың денесін судан шығарды.

ТЖМ өкілдері мұздың қазір өте жұқа екенін және оған шығу қауіпті екенін ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2072538-ekibastuzda-kolikpen-birge-muz-astyna-tusip-ketken-eki-balyqsy-qaza-tapty/

pixel