Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарсы жолаққа шыққан: Маңғыстауда жол апатынан екі адам қаза тапты

Опубликовано:

Жол апаты
Жол апаты. Фото: lada.kz

24 наурызда Маңғыстау облысында екі адамның өмірін қиған жол апаты болды. Өңірлік полиция қайғылы оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды Lada.kz.

Басылымның облыстық полиция департаментінің ақпаратына сілтеме жасап жазуынша, адам өліміне әкелген жол апаты Мұнайлы ауданындағы Южный тасжолында болған.

"Kia көлігінің жүргізушісі басып озу кезінде қарсы жолаққа шығып кетіп, Lexus көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Kia көлігіндегі екі жолаушы қаза тапты", - деп хабарлады облыстық полициядан.

Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2072958-qarsy-zolaqqa-syqqan-mangystauda-zol-apatynan-eki-adam-qaza-tapty/

pixel