Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында 18 жастағы бойжеткен қаза тапты: полиция істің мән-жайын анықтады

Опубликовано:

Кітап оқып отырған бойжеткен. Көрнекі сурет
Кітап оқып отырған бойжеткен. Көрнекі сурет: pixabay.com

Өткен аптада Қонаев қаласында 18 жастағы қыз кісі қолынан қаза тапқан. Алматы облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов Instagram желісіндегі парақшасында оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әленовтың хабарлауынша, 21 наурызда полицияға Алматы облысында кісі өлімі болғаны туралы ақпарат келіп түскен.

"Бұл ақпарат дереу тексеріліп, тексеру нәтижесінде 2006 жылы туған қыздың өлтірілгені расталды", - деді облыстың бас полицейі.

Қонаев қалалық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғаған.

"Сол күні Алматы облысы полиция департаментінің үйлестіруімен қылмысты ашуға бағытталған қажетті жедел-іздестіру іс-шаралар кешені жүргізіліп, ізін суытпай 2001 және 2003 жылы туған Алматы қаласы мен Алматы облысының тумалары анықталып, ұсталды.

Тергеу барысында күдіктілер наурыздың 14-інен 15-іне қараған түні Қонаев қаласының оңтүстік-батыс бөлігіндегі бос жатқан жерде физикалық күш қолданып, жас қызды өлтіргені анықталды", - деді Әленов.

21 наурызда сот күдіктілерді қамауға алды.

"Тергеу кісі өлтіруді екі күдікті жасағанын анықтап, олар қамауға алынды. Қылмыстық-процестік кодексінің талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің барысы туралы өзге мәліметтер жария етуге жатпайды", - деп қорытындылады Алматы облыстық полиция департаментінің басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2073021-almaty-oblysynda-18-zastagy-boizetken-qaza-tapty-policiya-istin-man-zaiyn-anyqtady/

pixel