Жамбыл облысында қора өртеніп, 48 бас мал қырылып қалды
Жарияланған күні:
25 наурызда кешкісін Жамбыл облысындағы ауылдардың бірінде қора өртеніп, салдарынан 48 бас мал қырылды. Жануарларды құтқару мүмкін болмаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, төтенше жағдай Қаратас ауылында болған.
Жеке тұрғын үйдің аумағында қора өртенген. Өрт алаңы 220 шаршы метрді құрап, салдарынан 47 бас ұсақ мал мен 1 жылқы өлген.
Өрт сөндірушілер өртті 50 минут ішінде жойған. Оқиға орнында жеті құтқарушы және екі техника жұмыс істеген.
Алдын ала болжам бойынша, өрттің себебі – электр сымдарының қысқаша тұйықталуы.
Осы орайда ТЖМ өкілдері электр сымдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.
Еске сала кетейік, 1 наурызда Жамбыл облысында жолаушылар отырған автобус өртенген еді. Абырой болғанда, оқиғадан ешкім зардап шекпеді.
Ал 11 наурызда Тараздағы базарлардың бірінен өрт шықты. "Омар ата" базарының аумағында 350 шаршы метр алаңда қойма өртеніп, ТЖД өртті дер кезінде оқшаулады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2073135-zambyl-oblysynda-qora-ortenip-48-bas-mal-qyrylyp-qaldy/