jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Таразда жолаушылар автобусы өртенді (фото)

    Өрт сөндіруші өртенген автобусты сөндіруде
    Өрт сөндіруші Таразда өртенген автобусты сөндіруде. Фото: t.me/jambyl_tjd

    Тараз қаласында жолаушылар автобусы өртенді. Өрттен зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ, деп хабарлайды Жамбыл облыстық ТЖД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Өңірлік ТЖД-ның мәліметінше, 2024 жылғы 26 наурызда сағат 17:43-те Жамбыл облыстық ТЖД-ның күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының телефонына Тараз қаласы, Мәмбет батыр көшесінің бойында жолаушылар автобусының өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

    Шақырту орнына төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары (жеке құрамнан 16 адам және 4 техника) жедел жеткен.

    Өрт сөндірушілердің күшімен өрт 18:00-де ауыздықталып, 18:06-да жойылған. Өрттен зардап шеккен және қаза болған адамдар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

    Өрт сөндірушілер Таразда өртенген автобусты сөндіруде
    Өрт сөндірушілер Таразда өртенген автобусты сөндіруде. Фото: t.me/jambyl_tjd

    Осы орайда Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері өңір тұрғындарынан қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.

    Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысындағы Қаратас ауылында қора өртеніп, 48 бас мал қырылған еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.