Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзеннен өтпек болған: Абай облысында су тасқыны кезінде жоғалған үш адам әлі табылмады

Опубликовано:

Құтқарушылар
Құтқарушылар. Видеодан кадр: instagram.com/abai_department_police

Абай облысы Аягөз ауданында өзеннен өту кезінде жоғалып кеткен үш адамды іздеу жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 23 наурыздан бері Аягөз өзенінен өтпек болып, аттан суға құлап кеткен 46 жастағы ер адамды іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ 26 наурызда Қарағаш ауылының азаматтары МТЗ 82 маркалы тракторымен «Шалқар» шаруа шаруашылығынан Қарағаш ауылына қарай бет алған.

Трактордағы екі ер адам жолды қысқарту үшін өзенді кесіп өтпек болған, алайда олар өзеннің ортасында қалып қойған.

Олардың қазір нақты қайда екені белгісіз.

ТЖД өкілдері зардап шеккендердің көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарына қатыспағанын айтты.

Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2075118-ozennen-otpek-bolgan-abai-oblysynda-su-tasqyny-kezinde-zogalgan-us-adam-ali-tabylmady/

pixel