Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы күрес кезінде құтқарушы пышақ жарақатын алған

Опубликовано:

Құтқарушылар
Құтқарушылар. Фото: ТЖМ

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданында су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысып жүрген азаматтық қорғау сержанты пышақ жарақатын алған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, оқыс жағдай Казталов ауданы Жалпақтал ауылының маңында болған.

"Жергілікті тұрғындарға көмек көрсету бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу барысында Қараөзен өзенінің жағасында 1998 жылы туған азаматтық қорғау сержанты жараланды", - делінген хабарда.

Министрлік ақпаратынша, ол аудандық ауруханаға кеуде аймағында екі пышақ жарақатымен жеткізілді. Науқас дәрігерлердің бақылауында.

Полицияның мәліметінше, шабуылдаушы ішімдікке мас күйде болған. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2076414-batys-qazaqstanda-su-tasqynyna-qarsy-kures-kezinde-qutqarusy-pysaq-zaraqatyn-algan/

pixel