jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Маңғыстау облысында екі жасар қыз ауладағы дәретханаға құлап кеткен

    Кішкентай қыз
    Бүлдіршін. Көрнекі фото: Рixabay.com

    Маңғыстау облысында екі жасар қыз үй ауласындағы дәретханаға құлап кетті. Сәбиді оның туыстары құтқарып қалған, деп хабарлайды облыстық ТЖД-ға сілтеме жасаған Lada.kz басылымы.

    Басылым мәліметінше, оқиға Ақшұқыр ауылында болған. Екі жасар қыз бір үйдің ауласындағы дәретхана шұңқырына құлап кеткен. Құтқарушылар жеткенше қыздың туыстары оны өз күшімен алып шыққан.

    ТЖД ақпараты бойынша құтқарушыларға қоңырау 31 наурызда сағат 13:12 шамасында түскен.

    "Құтқарушылар жеткенше бала құтқарылды", - деп хабарлады Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.

    Қызды құтқарған сәт видеоға түсіп қалған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.