Алматыда төтенше жағдай: троллейбус өртенді
Жарияланған күні:
Читать на русскомАлматыда сейсенбіде, 2 сәуірде төтенше жағдай болды – троллейбус өртенді. Жолаушылар өртеніп жатқан троллейбус салонынан шығып үлгерді, деп хабарлайды қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми Telegram-арнасының мәліметі бойынша, 2 сәуірде сағат 08:04-те екі өрт сөндіру бөлімшесінің күштері мен құралдары Бостандық ауданы Сәтбаев пен Байтұрсынұлы көшелерінің қиылысына жіберілді.
"Олар 3 минутта келген сәтте №7 троллейбустың 10 шаршы метр алаңын өрт шарпығаны анықталды. Жолаушылар салоннан шығып үлгерген", - делінген хабарда.
Қабылданған шаралардың арқасында өрт сағат 08:10-да оқшауланып, сағат 08:15-те жойылды. Ведомство өкілдері зардап шеккендер жоғын атап өтті.
Соңғы мәліметі бойынша өрт алаңы 20 шаршы метр екені белгілі болды
Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталуда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2077196-almatyda-totense-zagdai-trolleibus-ortendi/