Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда төтенше жағдай: троллейбус өртенді

Опубликовано:

Алматыда троллейбус өртенді
Алматыда троллейбус өртенді. Фото: ТЖМ

Алматыда сейсенбіде, 2 сәуірде төтенше жағдай болды – троллейбус өртенді. Жолаушылар өртеніп жатқан троллейбус салонынан шығып үлгерді, деп хабарлайды қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми Telegram-арнасының мәліметі бойынша, 2 сәуірде сағат 08:04-те екі өрт сөндіру бөлімшесінің күштері мен құралдары Бостандық ауданы Сәтбаев пен Байтұрсынұлы көшелерінің қиылысына жіберілді.

"Олар 3 минутта келген сәтте №7 троллейбустың 10 шаршы метр алаңын өрт шарпығаны анықталды. Жолаушылар салоннан шығып үлгерген", - делінген хабарда.

Қабылданған шаралардың арқасында өрт сағат 08:10-да оқшауланып, сағат 08:15-те жойылды. Ведомство өкілдері зардап шеккендер жоғын атап өтті.

Соңғы мәліметі бойынша өрт алаңы 20 шаршы метр екені белгілі болды

Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2077196-almatyda-totense-zagdai-trolleibus-ortendi/

pixel