Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да тағы бірнеше ауылды су басу қаупі туындады

Опубликовано:

өзен
Өзен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданына қарасты Ұзынкөл кентін су басу қаупі төнгенін хабарлады. Кент тұрғындары эвакуацияланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Егістіктерден еріген қар суының үлкен көлемі Ұзынкөл су қоймасына ағуына байланысты ол толып кетіп, Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданындағы Ұзынкөл кентін су басу қаупі туындады.

Осыған байланысты Теректі ауданы Подстепное ауылында және Орал қаласында халықты алдын ала эвакуациялау жүргізілді. Барлығы 750 адам, оның ішінде 230 бала эвакуацияланды", – делінген ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратта.

Бұған қоса министрлік су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізу және эвакуациялау үшін 112 адам және 39 бірлік ТЖМ, ЖАО, ПД түрлі техникасы жұмылдырылғанын хабарлады.

"Су қоймасы бөгетін нығайту бойынша іс-шаралар жүргізілуде, жұмыстар жалғасуда.

Ұзынкөл су қоймасы бұзылған жағдайда Ұзынкөл, Юбилейное, Кемер, Жаңа Өмір және Барбастау ауылдарын су басу қаупі бар", – делінген ведомство хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2078036-bqo-da-tagy-birnese-auyldy-su-basu-qaupi-tuyndady/

pixel