Ақтөбе облысында қорқынышты жол апатынан 8 шетелдік қаза тапты (видео)
Жарияланған күні:
Ақтөбе облысында жол апатынан 8 шетелдік қаза тапты. Оқиға 3 сәуірде Самара-Шымкент автожолында Маржанбұлақ ауылының маңында болған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ІІМ-нің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап хабарлайды.
"Volvo жүк көлігі мен Өзбекстан Республикасы азаматының басқаруындағы Toyota Аlhpard минивені ұшыраған жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан минивен жүргізушісі мен 7 жолаушысы – барлығы Өзбекстан Республикасының азаматтары – оқиға орнында қаза тапты", - делінген хабарда.
Алдын ала мәліметтер бойынша, қозғалыс кезінде жүк көлігінің дөңгелегі жарылған және соның салдарынан жүргізуші көлікті бақылай алмай, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып, соқтығысуға жол берген.
Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
"Полиция департаменті жүргізушілерді көліктің жай-күйін бақылауда ұстауға, жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады", - дейді полицейлер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2078426-aqtobe-oblysynda-zol-apatynan-8-seteldik-qaza-tapty-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.