Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Jusan Bank су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау көрсету үшін 300 миллион теңге аударды

Опубликовано:

Су тасқыны
Су тасқыны. Көрнекі фото: t.me/qr_tjm

Jusan Bank су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек көрсету үшін 300 миллион теңге бөлді.

Банк басшылығы мемлекеттік қолдау шаралары және де кәсіпкерлер мен мүдделі азаматтардың көмегі апаттан зардап шеккендердің тезірек үйлеріне оралуына оң ықпал етеді деп үміттенеді.

"Мыңдаған қазақстандықтың басына қиындық түскенде, біз қалайша қол қусырып отырамыз. Біз осы табиғи апаттан зардап шеккендердің барлығына алаңдаймыз. Жақын арада барлығы қалыпты өміріне оралады деп сенеміз", - деді Jusan Bank Басқарма Төрайымы Гүлмира Джумадиллаева.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сәуір айының басындағы жағдай бойынша Қазақстанның 12 облысында жаппай су тасқыны салдарынан 12 мыңнан астам үйлер су астында қалып, адамдар эвакуацияланып, уақытша орналастыру орталықтарына орналастырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2078633-jusan-bank-su-tasqynynan-zardap-sekkenderge-qoldau-korsetu-usin-300-million-tenge-audardy/

pixel