Атырау облысында су тасқыны болып, тасжолды басып қалды (видео)
Жарияланған күні:
Бейсенбі, 4 сәуірде Атырау облысы Жылыой ауданында Кем өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты су тасқыны болды. Бұл туралы ТЖМ Telegram-дағы арнасында хабарлады.
Ведомство мәліметінше, Жылыой ауданында "Доссор-Құлсары-Ақтау" республикалық маңызы бар тасжолдың 103-104 км, Жем өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты су тасқыны болған.
Қазір тасжолдың 4-119 учаскелері автокөліктің барлық түрі үшін жабық. Жергілікті атқарушы орган және аудандық полиция бөлімі күштерімен кезекшілік ұйымдастырылған.
Сонымен бірге ескерту белгілері орнатылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2079266-atyrau-oblysynda-su-tasqyny-bolyp-taszoldy-basyp-qaldy-video/