Ақтөбе қаласының әкімі су басу қаупі төніп тұрғанын айтып, үндеу жасады (видео)
Жарияланған күні:
Ақтөбе облысында Мағаджан су қоймасының бұзылу қаупі туындады. Осыған байланысты қала басшысы үндеу жасап, кейбір аумақ тұрғындарын үйін тастап шығуға шақырды. Бұл жөнінде Ақтөбе қаласының әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Әкімдіктің Instagram-дағы парақшасында Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекеттің тұрғындарға арналған видеоүндеуі жарияланды.
"Хромтау ауданының аумағындағы Мағаджан су қоймасының бұзылу қаупіне байланысты Ақтөбе су қоймасына көп көлемді судың құйылуы күтіледі. Сәйкесінше Ақтөбе су қоймасының толуына байланысты шлюзді ашуға мәжбүрміз", - дейді қала басшысы.
Ол шлюзді ашқан соң су арнадан шығуы мүмкін екенін ескертті.
"Сақтықта қорлық жоқ" демекші, ол судың арнадан шығу қаупі болғандықтан, сіздерді алдын ала хабардар етіп отырмыз. Елек өзенінің бойында орналасқан және Қарғалы өзенінің Кірпішті көпіріне жақын орналасқан бау-бақша ұжымдарының тұрғындарынан эвакуацияға келісім беріп, үйлеріңізден шығуды сұраймын", - деді Азамат Бекет.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2079401-aqtobe-qalasynyn-akimi-su-basu-qaupi-tonip-turganyn-aityp-videoundeu-zasady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.