Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында оқушыны аяусыз соққыға жыққан күдікті арнайы мектеп-интернатқа жіберіледі

Опубликовано:

Жұдырық
Жұдырық. Көрнекі фото: pixabay.com

Бұзақылық жасады деген күдікке ілінген жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды. Ал жасөспірімнің өзі ерекше режимде ұстайтын арнайы мектеп-интернатқа жіберілетін болды. Бұл туралы Түркістан облысының полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, полиция Сарыағаш ауданында құрдастары кәмелет жасқа толмаған балаға бұзақылық әрекеттер жасауы дерегімен тергеу жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар бұзақылыққа күдікті жасөспірімнің ата-анасы балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылып, материалдар сотқа жіберілген.

"Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия күдікті яғни кәмелетке толмаған баланы Абай облысында ерекше режимде ұстайтын арнайы мектеп-интернатқа жіберу туралы шешім қабылдады", - делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Сондай-ақ ведомство өкілдері Түркістан облысының білім басқармасына кешенді тексеру жүргізу үшін ұсыныс хат дайындалып жатқанын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2079686-turkistan-oblysynda-oqusyny-ayausyz-soqqyga-zyqqan-kudikti-arnaiy-mektep-internatqa-ziberiledi/

pixel