Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі актер Оразхан Кенебаев дүниеден озды

Опубликовано:

Оразхан Кенебаев
Оразхан Кенебаев. Фото: instagram.com/auezovtheatre

Бүгін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері Оразхан Кенебаев қайтыс болды. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қаралы хабар М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды.

"Бүгін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық театрының қоюшы-режиссері Оразхан Сәдуақасұлы Кенебаев дүниеден озды.

Марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып қөңіл айтамыз", - делінген жазбада.

Оразхан Кенебаев 1950 жылы 16 наурызда Талдықорған облысы Андреев ауданы Төңкеріс ауылында дүниеге келген.

"Абай" (Оразбай), "Абылай хан" (Қалдан шері, Орыс елшісі), "Ревизор" (Дуанбасы), "Томирис" (Балхаш), "Қамар сұлу" (Омар), "Махаббаттың ғажап әні" (Қожақ), "Ат жылаған түн" (Төраға), "Құдалар" (Момын), "Мөлдір махаббат" (Әбутәліп) және басқа спектакльдерде ойнаған.

"Мосфильм" киностудиясының "Дивизия командирінің күні" (Барлаушы), "Қазақфильм" киностудиясының "Әлия" (Солдат), "Өтелмеген қарыз" және басқа кинофильмдерге түскен.

Режиссерлік-қойылымдық жұмыстары: М. Задорновтың "Күйеуіңізді сатыңызшысы", Б. Мұқайдың "Кавалерлер", О. Боранбаевтың "Баламуты", Қ. Мұхамeтжанов пен Ш. Айтматовтың "Фудзиямадағы кездесу" және басқалар.

М. Әуезовтің 100 жылдығына арналған Халықаралық фестивальде «Қобыланды» спектаклінің қойылымы үшін "Ең үздік режиссер" атанған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2080043-belgili-akter-orazxan-kenebaev-dunieden-ozdy/