Алматыда ірі жол апаты болды: зардап шеккендер бар
Опубликовано:

Алматыда бүгін түнде Ford жүргізушісі екі көлікті қағып өтіп, бағанаға соғылды. Зардап шеккендер бар, деп хабарлайды NUR.KZ мегаполистің ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 02:30-да Бөкейханов көшесі мен Рысқұлов даңғылының қиылысында үш автокөлік жол-көлік оқиғасына ұшыраған.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, Ford маркалы автокөліктің жүргізушісі Бөкейханов көшесінен Рысқұлов даңғылына бұрылған сәтте тізгінге ие бола алмай қалып, екі көлік құралымен – Subaru және Daewoo Nexia маркалы автокөліктерімен соқтығысып, содан кейін бағананың тірегіне соғылған", - деді ведомство өкілдері.
Апат салдарынан Ford жүргізушісі мен Subaru жолаушысы медициналық көмекке жүгінді. Қазір бұл фактіні тергеуге Алматы қаласы Жетісу ауданының полиция қызметкерлері кірісті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2080238-almatyda-iri-zol-apaty-boldy-zardap-sekkender-bar/