Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда кафе қонақтары атыс шығарды (видео)

Опубликовано:

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет. Фото: piqsels.com

Бүгін түнде Ақтаудағы кафеге келушілердің бірі тапаншадан оқ атқан. Куәгерлердің айтуынша, мекеме қызметкерлері жастардың төлем жасамай кетуіне жол бермеуге тырысқан, деп хабарлайды Lada.kz.

Куәгерлерге сүйеніп ақпарат таратқан басылымның жазуына қарағанда, бүгін түнде Ақтаудың 14 шағын ауданындағы Leyla кафесінде жастар тобы мекемеден есепшот төлемей кеткісі келген.

"Кафе қызметкерлері бұған жол бермеуге тырысты. Содан кейін қонақтардың бірі тапаншасынан әуеге оқ атқан, сосын жанжал басталды", - деді тілшілер.

Ешкім зардап шекпегені айтылады. Оқиға орнына бірнеше патрульдік полиция экипажы, сондай-ақ жедел әрекет ету жасағы келген. Кейін Маңғыстау облысының ПД оқиғаға қатысушылардың барлығы Ақтау полиция басқармасына жеткізілгенін хабарлады.

"Оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтайды", - деп қосты тәртіп сақшылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2080268-aqtauda-kafe-qonaqtary-atys-sygardy-video/

pixel