Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да су тасқынынан электр желісі тіректері құлады: бірнеше ауыл жарықсыз қалды

Опубликовано:

Электр желісі
Электр желісі. Көрнекі сурет: pixabay.com

СҚО-да Шал ақын ауданының Жаңажол ауылдық округінде еріген су электр желісінің төрт тірегін шайып кетті, Сергеев су қоймасынан келген мұздан тағы бірнеше тірек қираған, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Өңір әкімдігінің деректеріне сүйенген ақпарат агенттігінің хабарлауынша, еріген сулар "Марьевский новый путь" жоғары вольтты электр беру желісінің төрт тірегін шайып кеткен.

Содан 89 тұрғыны бар Жаңаталап ауылы электр қуатынсыз қалды. Қалпына келтіру жұмыстары күрделенген, өйткені тіректер суда жатыр. Апатты жою үшін Петропавлдан "Солтүстік Қазақстан электр желісін тарату компаниясы" АҚ бас инженері шыққаны айтылады.

Мамандардың айтуынша, электр желілерінің тіректері еріген сулардан ғана емес, сонымен қатар ағыс әкелген мұздан да зардап шеккен.

"Сергеев су қоймасынан асып төгілген мұз жоғары жылдамдықпен электр желілерінің тіректерін құлатып өткен. Қазіргі уақытта бұзылған 11 тірек тіркелді", - деп хабарлады "Севказэнерго" АҚ.

Электр шектелген аймақта қазір СҚО Шал ақын ауданы Жаңаталап, Кеңес және Жаңажол ауылдарында 200-ден астам тұтынушы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2080388-sqo-da-su-tasqynynan-elektr-zelisi-tirekteri-qulap-birnese-auyl-zaryqsyz-qaldy/

pixel