Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысының бір ауылында жарияланған төтенше жағдай жойылды

Опубликовано:

Павлодар облысындағы ауыл
Фото: Павлодар облысының әкімдігі

Павлодар облысы Ақтоғай ауданының ТЖ комиссиясы биылғы 2 сәуірінде Жалаулы ауылында енгізілген жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимін алып тастау туралы шешім қабылданды.

Еске салайық, қардың жылдам еруі мен жауын-шашынның, сондай-ақ, екпіні 25 м/с дейін жететін қатты желдің салдарынан дала аймағынан ауылға еріген суы ағып, нәтижесінде ойпаң жерде орналасқан 14 тұрғын үй су астында қалған болатын.

ТЖД және жергілікті билік органдарының күшімен су тасқынына қарсы іс-шаралар басталғаннан бері - 190 мың текше метрден астам еріген су сорылды.

Су айдау техникасы
Фото: Павлодар облысының әкімдігі

Ауылдың ойпаң жерінде орналасқан және су басу қаупі жоғары үйлерді су басу мәселесін шешу үшін өңірлік жедел штабпен сыйымдылығы 200 мың текше метр болатын 3 жаңа қазаншұңқыр қазу туралы шешім қабылданды. Бұл алдағы уақытта ауылды су басу қаупі мәселесін кешенді түрде шешуге мүмкіндік береді.

ТЖ жарияланған күннен бастап ауылда тәулік бойы 12 ауыр техника қазаншұңқырларды қазу жұмыстарын жүргізуде. Тұрғын үйлерді су басу қаупі толығымен жойылып, жағдай тұрақталды.

Су басқан учаске
Фото: Павлодар облысының әкімдігі

Су тасқыны кезінде үйлері зардап шеккен барлық ауыл тұрғындарына жан-жақты көмек көрсетілуде. Арнайы комиссия келтірілген залалды бағалау жұмыстарын жүргізуде, оның қорытындысы ағымдағы жылдың 10 сәуіріне дейін шығарылатын болады. Қорытындысы бойынша зардап шеккен үй иелеріне бюджеттен тыс қорлардан өтемақы төленеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2080568-pavlodar-oblysynyn-bir-auylynda-zariyalangan-totense-zagdai-zoiyldy/

pixel