Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде Шымкенттен Нижний Новгородқа бағыт алған автобус апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты

Опубликовано:

Самара облысында болған жол апаты
Самара облысында болған жол апаты. Фото: Самара облыстық прокуратурасы

Ресейдің Самара облысына қарасты Кинельский ауданында Қазақстанда тіркелген автобус апатқа ұшырады. Салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бірнеше адам жарақат алған.

63.ru басылымның жазуынша, сәуірдің 8-іне қараған түні Орал-Мұқанов тасжолының 26-шы километрінде сағат 01:00 шамасында SCANIA маркалы автобус жолдан шығып кетіп, аударылып қалған. Жол апаты Алакаевка ауылының маңындағы бұрылыста болған.

Салдарынан екі адам қаза тауып, тағы 10 адам зардап шеккен.

Автобус Қазақстанда тіркелген және Шымкенттен Нижний Новгородқа бағыт алған. Жолаушылар Өзбекстан азаматтары болған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген.

Ресей ТЖМ ақпараты бойынша, оқиға орнында Самара облысының өртке қарсы қызметінің 34-ӨСБ өрт сөндірушілері жұмыс істеген. Олар автобусты аккумулятордан ажыратып, қаза тапқандардың денесін алып шыққан.

Ресей ІІМ Самара облысы бойынша Бас басқармасының Telegram-арнасындағы мәліметіне сәйкес 1992 жылы және 1994 жылы туған 2 жолаушы жедел жәрдем келгенше оқиға орнында қаза тапқан. 8 жолаушы әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Автобуста барлығы 65 жолаушы мен жүргізуші болған, жүргізуші зардап шекпеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2080865-reseide-qazaqstanda-tirkelgen-avtobus-apatqa-usyrap-eki-adam-qaza-tapty/

pixel