Елордада көлік шиналары толы қойма өртенді (фото, видео)
Жарияланған күні:
Бүгін Астанада Сарыарқа ауданындағы қоймада жатқан резеңкелі материалдан жасалған тауарлар өртенді. Қазір өрт сөндірушілер өртпен арпалысып отыр, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында.
Министрлік мәліметіне сүйенсек, 8 сәуірде елордадағы Сарыарқа ауданында орналасқан қоймада резеңкелі материалдан жасалған тауарлар өртенген. Өрт аумағы шамамен 1000 шаршы метр.
ТЖМ жариялаған видео, фотолардан қоймада көлік шиналары өртенгенін көруге болады.
"Өртті сөндіру резеңке бұйымдардың жоғары температурада жануы қиындатуда", – делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 61 адамы мен 15-ке жуық техникасы жоғары дәрежелі шақыру бойынша жұмылдырылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2081201-elordada-kolik-sinalary-toly-qoima-ortendi-foto-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.