Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұрын сотталған": Астанада бойжеткенге шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Опубликовано:

Астанада қызға шабуылдаған ер адам ұсталды
Қызға шабуылдаған ер адам. Видеодан кадр: polisia.kz

Елордалық полицейлер көпқабатты үйдің кіреберісінде бойжеткенге шабуыл жасаған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

Ведомство ақпараты бойынша, 20 жастағы жәбірленуші түнгі уақытта үйіне бара жатқаны белгілі болды. Ол өзінің үйіне жақындаған кезде орындықта отырған ер адамды байқаған.

Бойжеткен есікті ашып, ішке кірер кезде ер адам оның артынан еріп, шабуыл жасап, сөмкесін жұлып алмақ болған, бірақ бойжеткен қашып үлгерген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Есіл ауданы полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады.

Полицейлердің айтуынша, ұсталған ер адам – қаланың 29 жастағы тұрғыны. Ол бұған дейін тонаумен айналысқаны үшін сотталған болатын.

Тінту кезінде одан асүй пышағы табылды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам кінәсін мойындады. Күдікті Астана полиция департаментінің (ПД) уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Астана ПД өкілдері азаматтарға құқыққа қайшы әрекеттер жасалса, дереу "102" нөмірі бойынша қоңырау шалуға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2081615-buryn-sottalgan-astanada-kelinsekke-sabuyl-zasagan-er-adam-ustaldy/

pixel