Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құлсарыда тасқын су моланы шайып кетті: ер адамның мүрдесі табылды

Жарияланған күні:

Атырау облысы Құлсары қаласындағы су тасқыны
Құлсары қаласындағы су тасқыны. Фото: t.me/qr_tjm

Атырау облысы Жылыой ауданына қарасты Құлсары қаласында су басқан аймақта ер адамның денесі табылды. Алайда бұл оқиғаның құтқарушылар іздеп жатқан әкесі мен баласына қатысы жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тасқын су мәйіттерді де шайып кетіп, Құлсары қаласында мүрде табылды. Табылған мүрденің тасқын су кезінде жоғалып, іздестіріліп жатқан әкесі мен баласына қатысы жоқ", - делінген ТЖД хабарында.

Ведомство мәліметінше, әкесі мен баласы әлі іздестіріліп жатыр.

"2024 жылғы 9 сәуірде сағат 12:27-де ТЖД құтқарушылары Жылыой ауданы Құлсары қаласы "Рамазан" дүкені тұсынан ер адамның мүрдесін тауып, полиция қызметкерлеріне тапсырды", - деді облыстық ТЖД өкілдері.

Айта кетейік, осыған дейін Құлсарыда су басқан үйін көруге кеткен әкесі мен баласы табылмай жатқанын хабарладық.

Бұдан бөлек 7 сәуірде Құлсарыда құтқарушылар екі адамның денесін тапқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2081759-qulsaryda-tasqyn-su-molany-saiyp-ketti-er-adamnyn-murdesi-tabyldy/